«Салауатты тамақтану фестивалі» өтті

«А-дан Я-ға дейін дұрыс тамақтану» және «Салауатты тамақтану мектебі» жобалары бойынша қала көлемінде тәжірибе алмасу мақсатында 2023 жылдың 27 сәуір күні №20 орта-мектеп қабырғасында «Салауатты тамақтану фестивалі» өтті.

Семинарға қала бойынша «А-дан Я-ға дейін дұрыс тамақтану» және «Салауатты тамақтану мектебі» жобаларымен жұмыс жасайтын педагогтер қатысты.

Сонымен қатар фестиваль-семинар барысында «Дұрыс тамақтану — мектептегі табысты оқудың кепілі» атты жобаның тұсаукесері, дұрыс тамақтану туралы викторина, дәрумендер тақырыбында сынып сағаты, сондай-ақ ойын-сабақтар мен жәрмеңке өткізілді. Семинар жұмысына бастауыш сынып білім алушылары мен педагогтері белсенді қатысты.

Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, фестиваль барысында алған әсерлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *