Наурыз мерекесі қарсаңында 2025 жылғы 18 наурыз күні «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында өткен «Біздің дастархан» онлайн байқауы жеңімпаздары жұмыстарының көрмесі және марапаттау рәсімі өтті.
Бұл байқау Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келе жатқан «Nestlé for Healthier kids» жаһандық бастамасының бір бөлігі болып табылады.
Бағдарлама Астана қаласы білім беру ұйымдарында «Nestlé» компаниясымен бірлесіп 2017 жылдан бері жүзеге асырылуда.
Байқаудың мақсаты — білім алушылардың ұлттық дәстүрлер мен тағамдар мәдениеті және тарихы туралы білімдерін сурет арқылы жеткізу.
Байқауда Астана қаласының жобадағы мектептерінен 150-ден астам білім алушылардың жұмыстары қаралды, оның ішінде 21 қатысушының жұмысы жеңімпаз бен лауреат атанды.
Жеңімпаздар мен жетекшілерді құттықтаймыз!