«Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларда әртүрлі әрекеттер арқылы сенсомоторлық дағдыларды дамыту» тақырыбында қалалық семинар практикум өтті

2024 жылғы 26 қаңтар күні Астана қаласы  әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  жылдық жоспарына сәйкес №22 «Әлем»  балабақшасы педагогтерінің іс-тәжірибелерін тарату мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен арнайы мамандарына  арналған «Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларда әртүрлі әрекеттер арқылы сенсомоторлық дағдыларды дамыту» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.

 Семинарда ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер көрсетіле отырып, ашық  іс-әрекеттер ұйымдастырылды. Сонымен қатар,  семинар қатысушыларын қатыстыра отырып  балабақшаның педагог-дефектологі дидактикалық ойындардың бала тілін дамытудағы тиімділігін көрсету  мақсатында   шебер-сынып өткізді.

Семинар сонында  ұсыныстар мен пікірлер айтылып, кері байланыс жасалды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *