2024 жылғы 26 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес №22 «Әлем» балабақшасы педагогтерінің іс-тәжірибелерін тарату мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен арнайы мамандарына арналған «Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларда әртүрлі әрекеттер арқылы сенсомоторлық дағдыларды дамыту» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.
Семинарда ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер көрсетіле отырып, ашық іс-әрекеттер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, семинар қатысушыларын қатыстыра отырып балабақшаның педагог-дефектологі дидактикалық ойындардың бала тілін дамытудағы тиімділігін көрсету мақсатында шебер-сынып өткізді.
Семинар сонында ұсыныстар мен пікірлер айтылып, кері байланыс жасалды.