2025 жылғы 27 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі «Білім беру үдерісіне цифрлық технологияларды интеграциялау» тақырыбында қалалық семинар өткізді.
Іс-шарада ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директорының орынбасары Сембина М.Т. қарсы алып, «Колледждің білім беру кеңістігіндегі заманауи цифрлық орта» тақырыбында шолу жасады.
Бағдарлама аясында Бесжанов Қ.С., «ACD SOLUTIONS» ЖШС жобалар менеджері – «ELIBRA – бұлттағы цифрлық кітапхана: техникалық және кәсіптік білім беру мен университет кітапханаларына арналған жаңа стандарт», Құдайберген Г.С., «Алматы кітап» баспасының вице-президенті – кітапханалық білім беруді цифрландыру контекстінде TopIQ платформасындағы жасанды интеллект функциялары, Чикичев Д.Н., «НПО Информ-Система» ЖШҚ (Мәскеу) маркетинг және енгізу бөлімінің жетекшісі – «МАRК SQL АБИС 25.0 нұсқасы – ТжКБ кітапханаларын кешенді автоматтандыруға арналған заманауи бағдарламалық өнім», Тихонова Р.Р., «PROF Білім «ЖШҚ ТжКБ және ЖОО ұйымдарымен жұмыс жөніндегі жетекшісі – «PROF-білім» цифрлық ресурсын таныстырып, колледждерге арналған 9000-нан астам мамандандырылған электрондық оқулықтар мен мерзімді басылымдарға қолжетімділік мүмкіндіктерін ұсынды.
Семинардың практикалық бөлімінде ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжінің кітапхана қызметкерлері Исмагулова М.Ш. және Шабанова А.С. оқу кітапханасының тәжірибесіне автоматтандыру және ақпараттық технологияларды енгізу бойынша табысты тәжірибесімен бөлісті.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар серіктес ұйымдардың сертификаттарына ие болды.