Құндылыққа негізделген білім беру: бастауыш сыныпта тәрбие мен білімнің сабақтастығы

2025 жылдың 3 наурызында Қошке Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп-гимназиясында «Құндылыққа негізделген білім беру: бастауыш сыныпта тәрбие мен білімнің сабақтастығы» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты – оқыту үдерісінде рухани және ұлттық құндылықтарды тиімді енгізу жолдарын қарастыру болды. Қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері бұл бағытта өз тәжірибелерімен бөлісіп, бір-бірінен үйренді. Семинар барысында құндылыққа бағытталған инновациялық әдістер мен заманауи білім беру технологияларын талқылау және қолдану мәселелері қарастырылды. Үлгі сабақтар мен шебер сыныптар ұйымдастырылып, қатысушыларға педагогикалық процестерде жаңа әдістемелерді іске асыру жолдары көрсетілді. Семинар қорытындысында қатысушылардан кері байланыс алынып, пікірлерін білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *