Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен ҚР педагогтері арасында үздік ғылыми-зерттеу мақаласына байқау өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – педагогтер мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру, үздік ғылыми тәжірибелерді насихаттау және «Zertte» журналының ғылыми әлеуетін кеңейту.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
І орын – Мадеева Акмарал Шатиковна (Солтүстік Қазақстан облысы, «№2 Бескөл орта мектебі» КММ, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары);
ІІ орын – Үсенова Назерке Камаладдинқызы, Нарманбетова Жайык Сагиндыковна, Киштаева Жанар Арслановна (Қарағанды қаласы, «Академик К.А. Сағынов атындағы Колледж-Мектеп» жекеменшік мекемесі, биология, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері, арнайы пәндер оқытушылары);
ІІІ орын – Курмантаева Улдай Курмантайқызы («Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, ағылшын тілі пәні мұғалімі).
Сондай-ақ келесі номинациялар иегерлері марапатталды:
«Рефлексивті практик» – Мұратхан Жанар, «М. Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК бастауыш сынып мұғалімі;
«Үздік әдебиетке шолу» – Зияханова Гульмира Умирзаковна, «Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицей» ШЖҚ МКК орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
«Үздік зерттеу әдістемесі» – Альмагамбетова Лейла Сериковна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша КДИ директоры.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен, ал барлық қатысушылар Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК сертификаттарымен марапатталады.
Сіз де «Zertte» республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу журналына мақала жариялап, келесі жылғы байқауға қатысыңыз! Зерттеу мақалаңызды көпшілікке ұсынып, үздік мақала авторы атану мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!








