Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылғы 29 сәуір күні «Алтын ұрпақ» жобасы аясында домбыра, дәстүрлі ән, хореография бағыттары бойынша қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Ата мұра» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: қазақ халқы мәдениетінің қазынасы ретінде домбыра, дәстүрлі ән, ұлттық би өнерінің маңызын ашу және педагогтердің ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы мен құрметін ояту.
Байқау екі кезеңді қамтыды.
I кезең – Виртуалды дуэт (тарихтағы ұлы музыканттармен шығарма орындайды).
II кезең – Дәстүрлі орындау ( сахнада өнер көрсетеді).
Байқауға Астана қаласының қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Байқауға барлығы 7 жұмыс ұсынылды.
Қатысушылардың өнерлерін Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушылары бағалады.
Қазылар алқасының пікірінше байқауға қатысушылар өздерінің музыкалық қабілеттерін, музыкалық шығарманың көркемдік мағынасын түсіндіруде даралығын, авторлық ой мен стиль дәстүрлерін жеткізе алды.