Әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Қолжетімділік, теңдік жəне әртүрлілік – заманауи мектептің басымдықтары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы 23 сәуірінде Астана қаласындағы №96 мектеп-гимназиясында өз жұмысын бастады (24 сәуір күні №13 орта мектебінде, 25 сәуір күні №76 мектеп-лицейінде жұмысы жалғасады).
Пленарлық отырыста келесі негізгі спикерлер сөз сөйледі:
— алғы сөзімен Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Джамбулқызы Қайырбаева;
— №96 мектеп-гимназиясының директоры Теменова Сәуле Ермұханқызы «Білім тәке жүйесіндегі жаңа бағыттар: инклюзивті мектептен – инклюзивті қоғамға» тақырыбымен таныстырды;
— ҚР Оқу-ағарту министрлігі Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Бутабаева Лаура Асқарызы инклюзивті білім беру мәселелері мен оның болашағын талқылады;
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Инклюзивті білім беру орталығының аға ғылыми қызметкері Исмагулова Светлана Кужаковна инклюзивті саясаттың мектептерде қалай жүзеге асырылып жатқанын және оның тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.
Пленарлық отырыста онлайн режимінде келесі спикерлер қатысты:
— Тамкович Мария (Канада), «FIDE Infinite» шахмат жобасының үйлестірушісі/ «Шексіз шахмат. «Оқу және үйрету» Аутистік спектрдің бұзылуы бар балаларға шахматты үйрету»;
— Франческо Банкини (Әзірбайжан), Орталық Азия және Кавказ халықаралық бакалавриаттарының әлемдік мектептері қауымдастығының жетекшісі/ «Инклюзивті білім беру – IB бағдарламасының өзекті бағыттарының бірі»;
— Махмут Читил (Түркия), Гази университетінің қауымдастырылған профессоры, зерттеу ғылымдарының кандидаты/ «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың IQ зерттеу»;
— Наоя Хакумура (Жапония), PhD, Токай ұлттық жоғары білім және зерттеу жүйесі/ «Посещение школы №96 – чему Японии стоит поучиться у Казахстана».
Пленарлық отырыс барысында Қазақстан мектептерінде инклюзивті саясатты енгізу, оқушыларды қолдау және білім беру ортасында әмбебап дизайнды қолдану мәселелері талқыланды. Отырыстың нәтижесінде қатысушылар инклюзивті білім берудің әртүрлі аспектілері бойынша тереңірек талқылау үшін секцияларға бөлінді: «Инклюзивті білім берудегі жасанды интеллекттің рөлі», «Инклюзивті білім беруде тіл мұғалімдерінің оқыту тәжірибесі мен тиімді әдістері», «Инклюзивті ортада жаратылыстану пәндерін бейімдеу және қолжетімді әдістерді қолдану жолдары» т.б.
Секциялық жұмыс аясында түрлі пәндер бойынша ашық сабақтар өткізіліп, мұғалімдер өздерінің әдістемелік тәсілдерін көрсетті.
Конференция соңында қатысушылар 3D модельдер жасау, пластилинмен жұмыс жасау және басқа да шығармашылық іс-әрекеттер сияқты түрлі бағыттар бойынша шеберлік сабақтарына қатыса алды.
Конференция барлық оқушылар үшін тең мүмкіндіктерді дамытуға ықпал ететін инклюзивті білім беру саласындағы мамандардың тәжірибелері мен идеяларымен алмасудың маңызды алаңына айналды.