Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру: нормативтік құжаттар мен олардың қолданылуы

2025 жылғы 21 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес, Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде Астана қаласы білім беру ұйымдарының «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні педагогтеріне арналған «Білгім келеді» клубы жобасының аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру: нормативтік құжаттар мен олардың қолданылуы» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні мұғалімдерінің білім беру жүйесіне қатысты негізгі нормативтік құжаттарды білу, дұрыс қолдану арқылы оқыту сапасын арттыру, олардың кәсіби біліктілігін дамыту, білім беру мазмұнын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Ақтанова Айман Советқызы қатысып, «Үлгілік оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны: оқу процесіне ықпалы» тақырыбында мазмұнды ақпарат берді.

Сонымен қатар, Астана қаласы білім беру ұйымдарының педагог-шеберлері мен тәжірибелі педагог-зерттеуші ұстаздары білім беру жүйесінің талаптарына сай нормативтік құжаттар туралы жан-жақты ақпарат беріп, оларды тиімді пайдаланудың жолдарын көрсетті. Семинар барысында алынған мәліметтерді бекіту және қорытындылау мақсатында Quizizz платформасында интерактивті ойын өткізілді.

Семинар атақты ақын Айбек Қалиевтің «Білгім келеді» клубына арнайы шығарған әнімен қорытындыланды. Бұл туынды мұғалімдердің шығармашылық және кәсіби тұрғыда дамуына серпін беріп, әрбір қатысушының семинардан алған әсерін тереңдете түсті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *