Бүгінгі таңда қаржылық сауаттылық – әрбір адам үшін өте маңызды дағды. Бұл дағдыны меңгеру негізгі қаржылық дағдыларды меңгерумен қатар, кірісті дұрыс басқаруға, қарыз алу қаупін азайтуға мүмкіндік беріп, болашақты қамтамасыз ету үшін ақшаны үнемдеуге әрі инвестициялауға үйретеді.
2025 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ бірлесіп, «Жаһандық құзыреттіліктер» пәнінен сабақ беретін мектеп және колледж педагогтеріне арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында ақысыз негізде 40 сағаттық қысқа мерзімді біліктілік арттыру бағдарламасын іске қосты.
Біліктілікті арттыру бағдарламасы теориялық және практикалық материалдарды қамтиды және оқушылар мен студенттерге жеке қаржыны тиімді басқару негіздерін үйретуге бағытталған. Курс тыңдаушылары осы курстарды аяқтағаннан кейін алған білімдері мен дағдыларын білім сапасын арттыру және білім алушыларды заманауи экономикалық ортаға тиімді қатысуына дайындау үшін пайдалана алады. Курс барысында білім берудің әртүрлі деңгейлерінде қаржылық сауаттылықты оқу үдерісіне енгізуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұған оқу жұмысы да, сабақтан тыс жұмыстар да кіреді, бұл педагогтерге өздерінің құзыреттіліктерін арттыруға ғана емес, сонымен қатар оқушылар мен студенттерге білімді тиімді беруге, олардың бойында қаржылық жауапкершілік негіздерін және өз қаржысын ұтымды басқару қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
2025 жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында барлығы 161 педагог, оның ішінде 127 мектеп мұғалімдері мен 34 колледж оқытушылары қаржылық сауаттылық бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.