Қалыптастырушы бағалау: оқушыларды дұрыс бағалау және дамыту жолдары

2025 жылғы 28 ақпан күні №96 мектеп-гимназиясында Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Қалыптастырушы бағалау: оқушыларды дұрыс бағалау және дамыту жолдары» тақырыбында жас мамандарға арналған қалалық оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты: Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау әдістерін талқылап, олардың білім деңгейін, дағдыларын және түсініктерін анықтаудың тиімді жолдарын көрсету.

№54 мектеп-лицейінің Д.Абильдина, Г.Оразбекова шебер мұғалімдері «Қалыптастырушы бағалау: Оқушы жетістігін арттыру құралы» дағдыны жетілдіру тренинг, №40 мектеп-лицейінің оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Есіл, Н.Хаздай, Е.Хобланды іс-тәжірибе сағаты, №72 мектеп-лицейінің шебер-педагогі «Сторителлинг әдістемесі: оқушылардың сөйлеу дағдысын жетілдіру» шебер-сынып көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.

Оқыту семинарға 86 педагог қатысты.

Семинар соңында сөз алған қатысушылар семинардың өте жоғары деңгейден өткенін айтып, Әдістемелік орталықтың әдіскерлеріне алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *