ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ОҚУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ

2025 жылғы 24 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Психикалық дамуы тежелген балалардың білім сапасына әсер ететін оқу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында  республикалық семинар-практикум өтті.

Пленарлық отырыста №13 орта мектеп директоры Закирина Г.К.-ға алғы сөз берілді. Семинар-практикум барысында «Специальное образование в школе: структура и направления работы» тақырыбында Ерназарова Б.А., №13 орта мектеп директорының орынбасары баяндама жасады.

Сонымен қатар, Ерназарова Б.А. «Когниум» КЕЙС зерттеу тобының жұмысын таныстырды. Зерттеу тобының мүшелері Ерназарова Б.А., дефектолог Ахметова М.Ф., логопед Абылгазина Г.В., психологтар Жапина А.К. және Тусекова Л.У. инклюзивті білім беру саласындағы өз тәжірибелері мен жетістіктерімен бөлісіп, білім беру жүйесіндегі арнайы білім берудің құрылымы мен бағыттарын талқылады.

Секциялық жұмыс бірнеше бағытта жүргізілді:

  • Түзету компонентін жүзеге асыру алаңдары;
  • Ашық сабақтар алаңы;
  • Шебер-сынып алаңдары;
  • SPEECH — сөз сөйлеу алаңы.

Сондай-ақ, семинар-практикум алаңдары аясында бірнеше практикалық сабақтар мен шебер-сыныптар және т.б. іс-шаралар өткізілді: «Лесенка успеха: шаг за шагом» тақырыбында әдебиеттік оқу біліміндегі олқылықтарды толтыруға арналған практикалық сабақ; «Космос и астрономия», «Ұлы жібек жолы» ашық сабақтар, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Кем я хочу стать?» кіріктірілген сыныптан тыс жұмыс, «Декорирование изделия национальным казахским орнаментом» шеберлік сыныбы, «Лаборатория чудес» практикалық жұмыс, «Будь со мной рядом» педагог ассистенттің жұмыс жүйесі, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы ПДТ түзету сыныптарында: іс-шараларға қатысуы, табыстары мен жетістіктері».

Конференцияның қорытынды бөлігінде қатысушылар рефлексия жасап, алған білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті, бұл инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *