Жалпы білім беру ұйымдарының  директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған әдістемелік отырыс өткізілді

2025 жылғы 8–10 қазан  күндері Астана қаласы әкімдігінің  «Әдістемелік орталығы»  МКҚК ұйымдастыруымен  мектеп директорларының инклюзивті білім беруге жауапты оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған әдістемелік отырыс өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар (ЕББҚ) балаларды инклюзивті білім беру жағдайында оқыту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес беру.

Отырыстың күн тәртібінде :

— ЕББҚ бар оқушыларды білім беру ұйымына қабылдау тәртібі;

— инклюзивті білім беру бойынша нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістер;

Білім алушыларды үйде оқыту алгоритмі бойынша толық ақпарат беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *