2025 жылғы 26 наурызда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспары бойынша Астана қаласының №56 мектеп-лицейінде «PISA Халықаралық зерттеу бағдарламасы стратегиялары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға қала мектептерінің математика пән мұғалімдері қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – мұғалімдердің PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістерімен таныстыру, тиімді педагогикалық стратегияларды енгізу және тәжірибе алмасу болды. Қатысушыларға функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған түрлі инновациялық әдістер ұсынылып, нақты мысалдар арқылы талдау жүргізілді.
Семинар барысында қатысушылар келесі маңызды мәселелерді қарастырды:
· PISA зерттеулері негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тәсілдері;
· Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын жетілдіруге бағытталған әдістер;
· Функционалдық сауаттылықты бағалау және дамытуға арналған құралдар мен ресурстар;
· Оқыту үдерісінде қолданылатын тиімді стратегиялар мен практикалық тәсілдер.
Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық тапсырмалар орындап, пікір алмасты. Семинар соңында қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, болашақта осындай тәжірибе алмасу алаңдарының жиі өткізілуіне ниет білдірді.