PISA  ТАПСЫРМАЛАРЫН  ҚҰРАСТЫРУДА АПГРЕЙД 4К ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

29.01.2025 ж. күні қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің Педагогтер қауымдастығы нысанаға алынған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне PISA форматындағы тапсырмалардың алғышарттары, тапсырма үлгілері, тапсырма сипаттамалары, иерархиясы және АПГРЕЙД 4К дағдысы  бойынша  түсінік беріп, тәжірибе алмасу мақсатында «PISA тапсырмаларын  құрастыруда апгрейд 4к дағдыларын дамыту» тақырыбында тренинг өтті. Тренингте А. Байтұрсынов атындағы BINOM school мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Смаилова Айкен Исатаевна, Абдиманова Алтынай Сағатбековна бір немесе бірнеше мәселе көтерілген түрлі стиль мен жанрдағы мәтіндер арасындағы идеялық байланысты анықтау,ақпаратты салыстыру, мәтіндегі ақпараттан тыс білімін қолдану, ақпаратты бағалау, тұжырым жасау дағдысын дамыту; сыни ойлау дағдысын қалыптастыру, 4 К дағдыны дамытатын стратегиялардан түсінік беру, тәжірибелік дағдыларды дамыту мәселелері бойынша жұмыс жүргізді. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *