«Педагогтің біліктілігін арттыру үрдісі: мен қалай жүзеге асырамын?» тақырыбындағы онлайн тәжірибе алаңы өтті

2025 жылдың 4 маусым күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Үздіксіз білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «Білім шыңы» жобасы аясында «Педагогтің біліктілігін арттыру үрдісі: мен қалай жүзеге асырамын?» тақырыбындағы онлайн тәжірибе алаңы өтті.

Іс-шараның мақсаты – орта білім беру ұйымдарында педагогтердің үздіксіз білім алуына  қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін өзара тәжірибе алмасу, жүйелі қарым-қатынас орнатуға ықпал ету.

Іс-шараға Астана қаласы орта білім беру ұйымдары директорларының бейіндік жұмысы, ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Жұмыс барысында білім сапасын арттыруда мұғалімнің кәсіби дамуының маңызы, педагог құзыреттілігі мен білім сапасы арасындағы байланыс, педагогтердің кәсіптік құзыретін арттыру арқылы білім сапасын қамтамасыз ету, жалпы айтқанда педагогтердің біліктілігін арттыру қызметінің тиімді жүйесін құру мәселесі қарастырылды.

Сонымен қатар, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу орталығының аға ғылыми қызметкері Кадирова Әсел Толқынқызы қатысушыларға авторлық материалдар негізінде озық педагогикалық тәжірибені әзірлеу және тарату бойынша әдістемелік ұсыныстар берді.

Іс-шараға барлығы 62 мектеп директорының орынбасары қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *