2023 жылдың 11 мамыр күні «Педагогикалық SABAQTASTYQ» жобасы аясында «Мен мектепке барамын» экскурсиясы өткізілді. №41 «Балдырған» балабақшасының мектепалды топ тәрбиеленушілері №62 мектеп-лицейіне саяхат жасады. Экскурсия мақсаты мектепке дейінгі және бастауыш сыныпта білім берудің сабақтастығын жүзеге асыру.
Экскурсия барысында тәрбиеленушілер 1 сынып оқушыларымен сабаққа қатысып, өздерінің алғашқы сабақтарын өткізді. Мектептің спорт залына, кітапханасына, би залына шолу жасады.
Балабақша тәрбиеленушілері мектеп өмірімен танысып, жақсы көңіл күймен кетті.