2024 жылдың 24 қараша айында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мектеп психологтарына әдістемелік көмек ретінде №71 мектеп-лицейінің 5 «қ» және 6 «ғ» сынып оқушыларымен қызықты ойындар өткізілді.
Балалармен тұлғалық дамуға қатысты, өзіндік сенімділігін арттыру және өзін-өзі қабылдауға байланысты, қоршаған әлемге жағымды қатынас пен өзгелерді қабылдауға арналған, жауапкершілікті қалыптастыратын топтық жаттығулар жүргізілді.
Балалалар шараға белсенді қатысып, ашық ойларын айтып, қарым-қатынасқа еркін түсті.
Ал мектеп психологтарына әдістемелік ұсыныстар мен іс-шараның әзірлемелері өзге де сыныптарда тренингтер жүргізу үшін берілді.