2024 жылғы 18 қыркүйек күні №73 мектеп-лицейінде «Отбасы құндылықтары және отбасының тәрбие берудегі рөлі» тақырыбында сынып жетекшілері бірлестігінің жетекшілеріне оқыту семинары өтті. Семинар барысында сынып жетекшілерінің нормативтік-құқықтық құжаттары, ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасындағы жобалар қарастырылып, №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің, Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының сынып жетекшілері ата-аналармен жұмыс, мектептен тыс жұмысты ұйымдастыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.