Орыс тілі мен әдебиеті пәні жас педагогтерінің  қалалық оқыту семинары

         2025 жылдың 29 қазанында Астана қаласындағы №97 мектеп-гимназиясында «Проектирование современного урока: от замысла до реализации» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні жас педагогтерінің  қалалық оқыту семинары өтті.

2 тренер — «Кемеля Акишев атындығы мектеп-гимназия №69» орыс тілі мұғалімі Абсадыкова Айнаш Балтабаевна және «Мектеп-гимназия 95»  орыс тілі мұғалімі Мамутова Гулшат Куанышбаевна педагогтері орыс тілін оқытудың өзекті мәселелерін талқылап, инновациялық оқыту әдістерін енгізу тәжірибелерімен бөлісті. Әсіресе дәстүрлі тәсілдерді цифрлық технологиялармен ұштастыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар кәсіби қарым-қатынастың жылы әрі шығармашылық атмосферасында өтті. Қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, сапалы және мазмұнды бағдарламасы үшін алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *