2025 жылдың 15 наурызында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен «Оқытудың табысты әдістері: теориядан практикаға» тақырыбында халықаралық практикалық онлайн-семинар өтті. Семинар жұмысына қазақстандық педагогтермен қатар Ресей, Қырғызстан, Азербайджан мемлекеттерінен мұғалімдер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.
Семинар мақсаты мектеп педагогтері, еліміздің және жақын шетелдің жоғары білім беру өкілдері арасындағы әріптестік қатынастар мен сындарлы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал ету, педагогтердің кәсіби шеберлігін үздіксіз арттыру үшін әдістемелік сүйемелдеу көрсету.
Секция жұмысы 11 бағыт бойынша өтті. Семинар барысында қатысушылар озық білім беру технологияларын тәжірибеге енгізуді көрсетті, өзара әрекеттесу мен ынтымақтастық үшін біртұтас білім беру кеңістігі қалыптасып, іс – тәжірибелерімен бөлісті.