Семинардың мақсаты-заманауи оқушылардың оқу құзыреттілігін қалыптастыру мен дамытудың өзекті мәселелерін талқылау; ақпараттық қанықтыру, цифрлық технологиялардың жылдам дамуы және білім беру тәжірибесінің өзгеруі жағдайында сын-қатерлерді анықтау.
Іс-шара оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға мүдделі педагогтарды жинады. Семинар аясында педагог-шеберлер: Төлеубай Ш. С. (Қ. Ақышев атындағы №69 мектеп – гимназиясы), Зияханова Г. У. (Райымбек батыр атындағы №50 мектеп–лицейі), Ғабдрашитова А. С. (А. Байтұрсынұлы атындағы Binom School мектеп-лицейі), мектеп педагогтері ашық сабақтар өткізе отырып, мәтінді оқу және түсіну дағдыларын дамытудың заманауи әдіс – тәсілдерін көрсете білді.
Оқушыларды оқу процесіне тарту үшін интерактивті әдістер мен цифрлық ресурстарды пайдалануға ерекше назар аударылды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, балалар мен жасөспірімдерде саналы және сыни оқуды қалыптастыру стратегияларын талқылады.
Семинар оқу құзыреттілігі саласындағы педагогтердің кәсіби қарым-қатынасы мен біліктілігін арттырудың маңызды алаңына айналды. Ұйымдастырушылар алған білімдері мен дағдылары оқыту тәжірибесінде табысты қолданылатынына сенім білдірді.