18 наурызда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК білім беру ұйымдарының кітапханашылары үшін «Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру және пікірталас дағдыларын қалыптастыру» тақырыбындағы воркшоп ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру және пікірталас дағдыларын қалыптастыру арқылы олардың интеллектуалды және коммуникативті қабілеттерін дамыту бойынша тәжірибе алмасу.
Іс-шарада Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ғылыми кітапхана директоры Айкебаева Ш. У., Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасы қоғаммен байланыс бөлімінің кітапханашысы Шеризатқызы Ж., Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі Абильдина А. С., №105 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Айдарлинова Н. Ю., воркшоп тақырыбы аясында өз іс тәжірибелерімен бөлісті
Воркшоп кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға көмектесетін тәжірибе алмасу және әдістерді талқылау алаңына айналып, кітапханашылар оқушылар бойында оқуға қызығушылықты арттыру және талқылау дағдыларын дамыту бойынша жобалардың түрлі әдіс-тәсілдерімен танысты. Іс-шара Ыбырай Алтынсарин атындағы Кітап Үйіне экскурсияға барумен жалғасын тапты. Қатысушылар маңызды ақпарат алғандарын айтып, ризашылықтарын білдірді.