Астана қаласының «Quantum Tech school» жекеменшік мектеп базасында Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастыруымен химия және биология пәндері мұғалімдеріне «Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың пленарлық бөлімінде «Оқу үдерісінде функционалды сауатылықты қалыптастыру және бағалау бойынша тапсырмаларды қолдану және әдістемелік нұсқаулар» тақырыбында Ш.Шакирова, «Эстониядағы PISA жобасының озық тәжірибесі» бойынша «Quantum Tech school» жекеменшік мектептің директоры Сагадатова Динара, «Ғылымды дамытудағы Германия тәжірибесі» туралы Science департаментінің жетекшісі Кәрімова Назерке айтып берді.
Әрі қарай практикалық бөлімде «Quantum TECH School», «Riviera International School», «Quantum STEM School» жекеменшік мектептердің химия және биология пәндерінің мұғалімдері Әлмахан Жансая, Әкімбаева Камила, Ергалиев Абылайхан, Абильканова Мадина, Шабденова Назира, Халелова Дина, Еламанова Аяш, Кущанова Алина, Оралов Дамир, Ашенова Айнұр, Демесенов Бейбит, Тастан Динара, Қарабек Гульжан сабақтарда білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдістерімен таныстырып, пән мазмұнын талапқа сәйкес бейімдеудің қыр-сырын меңгерттіп, заманауи оқыту әдістемелеріне тоқталды.
Іс-шара соңында қатысушылар химия және биология пәндерінің мұғалімдері өз ризашылықтарын білдіріп, семинардың тиімді болғанын айтып жағымды кері байланыстарын ұсынды.