2025 жылғы 23 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында «Оқуға құштар мектеп – 2025» қалалық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – жалпы білім беру ұйымдарында оқырмандық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тиімді жұмыс тәжірибелерін анықтау, жинақтау және тарату.
Байқауға мемлекеттік жалпы орта білім беретін ұйымдардан 21 жұмыс ұсынылып, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша II кезеңге 9 білім беру ұйымы жолдама алды.
Байқау Ережесіне сәйкес II кезеңге өткен білім беру ұйымдары «Booktalk» (кітап туралы әңгіме) форматында мектеп жасындағы балаларға арналған көркем әдебиеттерге шолу жасап, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға бағытталған шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
Қалалық байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған білім беру ұйымдары анықталып, жүлделі дипломдармен марапатталды.













