Оқу мақсаттары арқылы оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 19 желтоқсан күні №28 мектеп-лицейінде «Оқу мақсаттары арқылы шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – мұғалімдердің оқу мақсаттарын нақты айқындау және оларды сабаққа тиімді енгізулері арқылы оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту қабілеттерін жетілдіру, қазақ тілін оқытуды тиімді ұйымдастыру жолдарын көрсету.

Аталған іс-шараға Астана қаласының орыс тілді мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға арналған мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, шебер-сыныптар, ашық сабақтар, «Әдістемелік идеялар аукционы», практикалық workshop, сондай-ақ TEXT remix форматындағы тренингтер өткізілді. Мұғалімдер оқу мақсаттарын сабақта тиімді қолдану, тапсырмаларды саралау, оқушылардың белсенді ойлауын арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдермен танысып, өзара тәжірибе алмасты.

Семинар қорытындысында қатысушылар оқу мақсаттарына негізделген оқыту оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен тілдік құзыреттілігін дамытуға ықпал ететінін атап өтті. Іс-шара кәсіби шеберлікті арттыруға, шығармашылық ізденіске және әдістемелік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *