Ойын технологиясы арқылы баланың сөйлеу дағдысын қалыптастыру

2025 жылғы 25 сәуір күні №77 мектеп-гимназиясында Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілінде білім алушылардың өз ойларын еркін, ауызша және жазбаша жеткізе алуын қамтамасыз ететін орта құру арқылы қазақ тілін меңгеру деңгейін жоғарылату және тілдік қабілеттерін дамыту мақсатында «Ойын технологиясы арқылы баланың сөйлеу дағдысын қалыптастыру» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті.

Семинар барысында №77 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақ, шебер-сынып, сахналық қойылым, тренинг көрсетті.

Іс-шараға 51 педагог пен әдіскер қатысып, кері байланыс берді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *