2025 жылғы 28 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес Астана қаласының №66 мектеп-лицейі базасында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Ой дамыту» қалалық олимпиадасының марапаттау рәсімі өткізілді.
Ауқымды білім сайысына қала мектептерінен 93 математика пәні мұғалімі қатысып, өз кәсіби біліктілігі мен логикалық ойлау қабілетін сынады.
Олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен педагогтар келесі марапаттарға ие болды:
· I дәрежелі диплом – 5 қатысушы
· II дәрежелі диплом – 11 қатысушы
· III дәрежелі диплом – 10 қатысушы
· Мадақтама грамотасы – 11 педагог
Олимпиада – ұстаздардың шығармашылық әлеуетін арттырып, кәсіби даму алаңына айналды. Іс-шараға белсенді қатысқан барлық педагогтерге алғыс білдіреміз!