NIS/SHARE халықаралық жоба аясында тренинг

2025 жылдың 3-6 қараша аралығында NIS/SHARE халықаралық жобасы аясында Кембридж университетінің құрметті профессоры Коллин Маклафлин мен AR тренері Кейт Эванстың қатысуымен тренинг өтті. Тренингке Астана қаласының НЗМ және қала мектептерінің 37 педагогі қатысты.

 Қатысушылар екі топта жұмыс жасады. 1-топ қатысушылары бекітілген мектептерде «AR» дамыту дағдыларын меңгерді, ал 2-топ қатысушылары өз мектептерінде іс-әрекеттегі тәжірибені зерттеу бойынша жұмыс жоспарын әзірледі.

 Сонымен қатар, 1-топ қатысушылары бірінші оқу циклын қорытындылап, сертификаттар алды.

Іс-шара соңында қатысушылар кері байланыс беріп, келер жылда өз мектептерінде AR дамыту бойынша жұмыс жоспарларын айқындады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *