2024 жылғы 31 мамырда Д. А. Қонаев колледжінің базасында Елорда кәсіпорындарынан әлеуметтік серіктестер мен ТжКББ ұйымдарының арнайы пәндер оқытушыларының қатысуымен «Нарықтық қатынастар жағдайында заманауи экономикалық ойлауды қалыптастыру» тақырыбында воркшоп– практикум өтті.
Іс-шараның мақсаты: қазіргі экономикалық ойлауды қалыптастыру, экономикалық шындықтың құрылымын білу, өркениетті экономикалық мінез-құлық нормаларын, экономикалық мәдениетті игеру, қазіргі экономикалық қызмет дағдыларын дамыту жолдарын зерттеу.
Іс-шараға әдістемелік орталықтың ТжКБ бөлімінің басшысы И. С. Алишева қонақтарды қарсы алып, педагогикалық зерттеу объектісі ретінде колледж студенттерінің заманауи экономикалық ойлауын қалыптастырудың кейбір негізгі қағидаттарымен бөлісті. Арнайы пәндер оқытушылары А. Ж. Жұбаниязова экономикалық жобаларды дайындау кезінде педагогке қандай нормативтік құқықтық актілерді қолдану керектігін айтса, Е. М. Петко маркетингтік зерттеудегі тәжірибесімен бөлісті, ал Ү.Ә.Сақтапбергенова экономикалық мәдениетті қалыптастыру жолдарымен таныстырды.
Іс-шара соңында студенттермен заманауи экономикалық ойлауды қалыптастыру бойынша экономикалық ойын өткізілді. Экономикалық пәндер оқытушылары воркшоп — практикумның пайдалылығы туралы пікір білдірді.