Музыка пәні арқылы ұлттық құндылықтарды заманауи мәдениет жетістіктерімен ұштастыру

2025 жылдың 30 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспары бойынша Астана қаласы әкімдігінің №62 мектеп-лицейінде білім беру ұйымдарының музыка пәні жас мамандарына арналған «Музыка пәні арқылы ұлттық құндылықтарды заманауи мәдениет жетістіктерімен ұштастыру» тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында оқыту процесінде оның белсенді және тәжірибеге бағдарланған әдістерін қолдана отырып, ән үйретуде заманауи әдістерді тиімді қолдану жолдарын талқылау және тәжірибе алмасу

Семинар барысында қала педагогтері шебер-сыныптар өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтар болсақ №4 мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғалімі Дильдаева Динара Жаксыкелдиевна «Ұлттық құндылықтардың қазіргі қоғамдағы рөлі: білім алушыларды музыка арқылы тәрбиелеу», №30 мектеп-гимназиясынан Гембик Людмила Васильевна «Воспитательное значение современных детских песен, их особенности и методы преподавания», №62 мектеп-лицейінен Делегат Айман «Мектептің оқу тәрбие үдерісінде қазақтың ұлттық сазсырнай музыкалық аспабын қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері», «Intellect Primary Shool» мектебінен Хадыл Гүлзат Хадылқызы «ҚМЖ-ны ұлттық құндылықтар тұрғысынан құру», Zerdeli international school мектебінен Каримова Айнагүл Әділбекқызы «Музыка сабағында хор және ән айту сауатын қалыптастыру арқылы құндылықтарды дәріптеу» тақырыптарында шебер сыныптар көрсетті. Семинар кезінде жас мамандардың сұрақтарына шебер ұстаздар толық, тиянақты жауап берді. Қатысушылар семинарды рефлексиямен аяқтады. Іс-шараға қатысқан педагогтерден кері байланыс алынды. Іс-шараға білім беру ұйымдарынан 26 педагог қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *