«МУЗЫКА – ДОСТЫҚ ТІЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

2025 жылғы 29 сәуір күні  Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес  Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде   «Музыка – достық тілі» тақырыбында республикалық  шығармашылық фестивалі өтті.

Фестивалдің мақсаты жалпы білім беретін орта мектептердегі музыка пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамыту, түрлі халықтардың музыкалық дәстүрімен таныстыру, педагогтердің инновациялық технологиялар бойынша кәсіби шеберлігін арттыру.  

Фестиваль екі бағытта «Музыка-халықтар арасындағы татулықтың тілі» шеберлік сыныбы және «Әрқашан күн сөнбесін» байқауы бағытында өтті  

«Музыка-халықтар арасындағы татулықтың тілі» шеберлік сыныбына Астана Алматы, Жетісу, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қалаларынан   келген ұстаздар тәжірибе алаңында шеберлік сыныптарымен бөлісті.

Фестиваль аясында өткен «Әрқашан күн сөнбесін»  байқауына республика көлемінде 5-11 сынып оқушылары достық, бейбітшілік, татулық, бірлік тақырыбында өз өнерлерін ортаға салды.

Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Ш.У. Мараимова «Музыка -халықтар арасындағы татулықтың тілі», Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Фариза Оңғарсынова атындағы № 29 мектеп гимназиясынан Туржанова Назира Елемесқызы «Музыка – достықтың рухани көпірі», Астана қаласыҚаныш Сәтбаев атындағы Binom School мектеп-лицейінен Ж.С. Исмайлов«Музыка сабағында «Ритмикалық бағыт» ойынын қолдану»,  Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Қ. Сәтбаев атындағы ЖББМ  М.У.Есмаганбетова ««Эффективные методы преподавания музыки в школе», Атырау қаласынан Г.Қ. Қалыбек «Музыкаға жаңа көзқарас: жасанды интеллект мүмкіндіктері», Павлодар облысынан А.А. Жетыбаева «Бір шаңырақ астында» 5 сынып оқушыларына арналған тапсырмалар жинағы, Астана қаласы,  Schoool Zerdeli мектебінен  А.А. Каримова «Музыка сабағындағы тиімді әдіс-тәсілдер», Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақсан ауылы, Дүйсенбай Рахметов атындағы ЖОББМ Ж.Е.Есенжолова «Жасанды интеллект арқылы әннің регистрін өңдеу», Жетісу облысы, ББ Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің «Д.Қонаев атындағы орта мектебінен А.А.Абишев «Музыка сабағында жасанды интелект қолдану»,  Астана қаласы, № 46 «Балабақша мектеп гимназия кешені» Г.А.Жумабекова «ЖИ қолдану», Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Степной ауылының ЖОББМ» КММ А.А.Сахабеден «Күй құдіреті», Атырау облысы, Махамбет ауданы Ақтоғай орта мектебінінен Б.К.Габбасова «Ұлттық құндылықтар арқылы өнерге баулуда жасанды интеллектің тиімді жолдары», Қызылорда қаласы № 268 мектеп-лицейінен С.А.Елибаева «Музыка сабағында оқушылардың оқу әрекетін жасанды интеллектімен байланыстырып, ұйымдастырудың белсенді әдістері» Астана қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы Binom School мектеп-лицейінің қос ұстазы А.К.Такеева «Балалар аспабы- музыка сабағында», М.М.Сеилханова «Вокально-хоровая работа с детьми посредством инновационных технологий», Астана қаласы,  ТОО Экономикалық лицейінен И.Н.Гудина «Исползование учебных заданий и ситуаций, орентированных на формирование функциональной  грамотности на уроках музыки», Астана қаласы, Сәкен Сейфуллин атындағы № 80 мектеп-гиназия ШЖҚ МКК Г.А.Жадахова «Қазақ халық әнінің әуенділігі», Астана қаласы әкімдігінің «№ 13 орта мектебінен Н.С.Жалатбек «Музыка как инструмент межкультурной коммуникации и дружбы народов», Астана қаласы,  №22 Мектеп-гиназиясынан Н.Е.Луценко «Эффективное использование инструментов ИИ в музыкальном образовании», Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті  №257 орта мектебінен А.И. Молдабек «Музыкалық шаңырақ», Солтүстік Қазақстан Облысы, Шал ақын ауданы, «Новопокровка ОМ» КММ А.Г.Естанов «Музыка -язык мира между народами», Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, № 201 мектеп –лицейінен С.Кулысбаева «Музыка тілі- достық тілі», Астана қаласы, Ільяс Есенберлин атындағы №67 гимназиясынан Г.Б. Оналбаева «Музыка-халықтар үндестігі» тақырыбында шеберлік сынып байқауында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Әр аймақтан келген өнерпаз оқушылар «Әр қашан күн сөнбесін» байқауында өз өнерлерін көрсетті. Фестивалдің қорытынды бөлімінде шебер сынып ұстаздар мен өнерпаз өрендер марапатталды. Рефлексия жасалды. Фестивальге барлығы 126 музыка пәні педагогтері қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *