2025 жылғы 20 мамыр күні Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицей базасында «Мұғалімнің әдіснамалық трансформациясы: білім алушының оқу үдерісін зерттеу тәжірибесі» тақырыбында қалалық практикалық семинар өтті. Семинар Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-ның қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – Іс-әрекеттегі зерттеу тәжірибесімен бөлісу және тарату.
Семинар барысында «Share» халықаралық жоба аясында мектептегі зерттеуді жүзеге асыру: бақылау мен мәлімет жинау — мұғалім шеберлігін арттыру тәжірибесі» тақырыбында мектептің негізгі топ мүшелері: Сулкеева Арай, Джиентаева Лазипа, Қами Индира іс-әрекеттегі зерттеулер нәтижесін ортаға салып талқылау жүргізді, сонымен қатар, жас зерттеуші педагогтер постер-сессия алаңында тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар жұмысының практикалық бөлімінде қатысушы педагогтер Қазақстан тарих, география, химия пәндері бойынша зерттеу сабақтарын бақылап пікірлерін білдірді.
Семинар соңында қатысушылар білім алушылардың белсенділігін арттыратын жаңа жобалармен танысып, кері байланыстарын берді.