«Мүмкіндіктер есептерін шешу әдіс-тәсілдері»

2025 жылғы 12 наурызда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Ой дамыту» К. Тердікбайдың зертханасының жұмыс жоспары аясында «Мүмкіндіктер есептерін шешу әдіс-тәсілдері» тақырыбында қалалық онлайн семинар өтті. Семинарға қала мектептерінің математика пән мұғалімдер қатысты.

Іс-шара барысында комбинаторика есептерін шешу математикалық қабілетті дамытып қана қоймай, түрлі салаларда қолдануға болатын нақты дағдыларды қалыптастыратынына тоқталды. Сондықтан оны үйрену және терең зерттеу болашақтағы жетістіктерге үлкен ықпал етеді. Бұл қабілет тек математикада ғана емес, күнделікті өмірде де шешім қабылдауға көмектеседі.

Семинар соңында қатысушыларға кері байланыс берілді, олардың пікірлері бойынша семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жаңа идеялар мен әдістердің тиімділігі бағаланды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *