2025 жылғы 29 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің № 81 «Astana English School» халықаралық мектебінде Халықаралық Бакалавриат PYP Бастауыш білім беру (International Baccalaureate Primary Years Programme Exhibition) бағдарламасы бойынша оқушылардың білім мен дағдыларын көрсететін мерекелік көрме өтті.
4-сынып оқушылары жоба бойынша жыл бойы жүргізген зерттеулерінің және алған білімдерінің қорытындысын көрсетті. Ұсынылған жобалық жұмыстар Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) негізделіп, балалардың ғаламдық ойлау қабілетін, әлемдік сын-қатерлерді түсінуін және оларды шешу жолдарын іздестіруін дамытуға ықпал етті.
Іс-шара барысында білім алушылар жұмыстарын таныстырып, қоғамға және әлемге өз ойларын жеткізу мүмкіндігін алды. Олар өздерінің тәуелсіздігін, жауапкершілігін және әртүрлі көзқарастарды зерттеу қабілеттерін көрсетті.