2025 жылдың 08 желтоқсан күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттестаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімі «Қайта аттестациядан өту: талаптар, критерийлер және тиімді дайындық жолдары» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинар барысында келесі жұмыстар атқарылды:
Мемлекеттік аттестаттау кезінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша түзету жоспарын әзірлеу;
Құжаттарды ретке келтіру;
Ұлттық білім беру деректер қорына (ҰБДҚ) шынайы ақпаратты енгізу;
Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес топтау және осы ақпараттың сайтта дұрыс көрсетілуін тексеру.










