Мемлекеттік қайта аттесттаттаудан өтетін жекеменшік балабақшаларға әдістемелік көмек көрсетілді

2025 жылдың қыркүйек айында Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттестаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері «Балақай», «Политра», «Жақсы», «Жанбибі», «Айналайын» жекеменшік балабақшаларына онлайн және офлайн түрде әдістемелік көмек көрсетті.

Әдістемелік көмек көрсету барысында келесі жұмыстар атқарылды:

Мемлекеттік аттестаттау кезінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша түзету жоспарын әзірлеу;

Құжаттарды ретке келтіру;

Ұлттық білім беру деректер қорына (ҰБДҚ) шынайы ақпаратты енгізу;

Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес топтау және осы ақпараттың сайтта дұрыс көрсетілуін тексеру.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *