2025 жылдың наурыз айында Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттесттаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері жұмыс тобымен бірге ЖШС «Beles 2018», «Абай», ЖШС «Нармин К», «TODDLER», ЖШС «Sun Sity», ЖШС «Laiykty», «Лайықты» , ЖШС «Нардин», ЖШС «Аяулым», ЖШС «Дария», ЖШС «Малышок», «Айя KIDS», ЖШС «NaNu», «Ақ ниет», ЖШС «САДЫГАН», «Алма», ЖШС «Junior International Preschool», ЖШС «Amina.DI», «Aminka», ЖШС «Алтын Сара», ЖШС «А- Джалиль», «Палитра детства», ЖШС «Yerjigit», «Intcllecturn-Bala», ЖШС «BASTAU INVEST GROUP», «Дарабос» жекеменшік балабақшаларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырды.
Көмек көрсету барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын негізінде:
— Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын сақтау;
— Баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектепалды жастағы тәрбиеленушілерді оқыту нәтижелерінің болуы;
— Үлгілік оқу бағдарламасына қосымшаға сәйкес балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингілеу нәтижелерінің (бастапқы, аралық, қорытынды) болуы және талдау;
— Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар;
— Балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтау, ҰБДҚ базасына шынайы ақпараттарды толтыру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.