Мемлекеттік аттесттаттаудан өтетін жекеменшік балабақшаға әдістемелік күн өтті

2026 жылғы 05-09 қаңтарда Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттестаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің жұмыс тобымен бірге ЖШС «TUMAR EDU», «Балабақша «Аминка – Витаминка», «Ясли-сад «Бықыт – Мекені 1», «Шахан СМ», «ТӨРЕ» жекеменшік балабақшасында әдістемелік күн өткізді.

Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымын аттестаттаудан өткізу барысында әдістемелік қолдау көрсету. Әдістемелік көмек нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес штат бірліктеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу жоспары мен бағдарламасының сақталуын қарастыруды қамтыды.

Сонымен қатар ұйым қызметінің қағидаларын орындау, тәрбиеленушілердің даму мониторингі, жас топтарын қалыптастыру және Ұлттық білім беру деректер қоры мәліметтерінің құжаттарға сәйкестігі мәселелері талқыланды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *