2025 жылдың 10 желтоқсан күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттестаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімі «Мемлекеттік аттестаттауға дайындау ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараға мемлекеттік аттестаттаудан өтетін жекеменшік және мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Семинардың мақсаты – аттестаттауға дайындық кезінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру және оларды дұрыс қолдану тәртібін түсіндіру.
Қатысушыларға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, «Мемлекеттік аттестаттау: мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері», «Инклюзивті және арнайы білім беруді реттейтін нормативтік-құқықтық актілер» және «Мемлекеттік аттестаттауға дайындық ережелері» тақырыптары қарастырылды.
Семинар барысында педагогтер аттестаттау рәсімінің кезеңдері, нормативтік құжаттардың құрылымы, инклюзивті және арнайы білім беруді ұйымдастыру талаптары туралы толық ақпарат алды. Семинар нәтижесінде қатысушыларға мемлекеттік аттестаттауға сапалы дайындалу үшін қажетті әдістемелік ұсынымдар берілді.










