МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУДАН ӨТЕТІН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Астана қаласының Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттестаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің, жұмыс тобының мүшелерімен бірлесіп, 2025 жылдың 3 ақпанынан бастап мемлекеттік аттестаттаудан өтетін №№11,19,82,87 мектептердің әкімшілігіне әдістемелік көмек көрсету жұмыстары басталды.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарын бағалау критерийлеріне» сәйкес мектептің мемлекеттік аттестаттауға дайындығы талданды. Жұмыс тобының мүшелері 2022-2023; 2023-2024; 2024-2025 оқу жылдарында МЖМБС іске асыру бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында әдістемелік көмек көрсетіліп, ұсыныстар берілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *