2024 жылдың 06 қараша күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттесттаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері және жұмыс тобымен бірге мемлекеттік аттестаттаудан өтетін №42 «Бәйшешек» балабақшасына әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырды.
Әдістемелік күн барысында Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметін бағалауға арналған өлшемшарттар негізінде:
— Тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжатын сәйкестігі;
— Біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырған/растаған педагогтердің (оның ішінде басшылардың үш жылда бір реттен сиретпей) сәйкестігі;
— Үш жылда бір реттен сиретпей (оның ішінде басшы, басшы орынбасарларының) біліктілігін арттыру курстарының болуы;
— Мектепке дейінгі Білім беру ұйымының жабдықтармен және жиһазбен жарақтандырылуы;
— Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасау;
— мектепке дейінгі ұйымдарға арналған оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;
— Жас топтары толықтырылуының сәйкестігі
— Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарының орындалуына әдістемелік көмек көрсетілді.