«Мектептің оқу-тәрбие жұмысына талдау жазу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар. Жазу алгоритмі» қалалық оқыту семинары

17.10.2025 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейінде қала мектептерінің оқу ісі және бейіндік оқыту жөніндегі директор орынбасарларына арналған «Мектептің оқу-тәрбие жұмысына талдау жазу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар. Жазу алгоритмі» тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты: мектептің оқу-тәрбие жұмысына талдау жасаудың маңыздылығын талқылау, оны жазуда инновациялық құралдарды пайдалану және директордың орынбасарларымен осы бағытта тәжірибе алмасу болды.

Мектеп директоры Абуова Меруерт Абитаевна модератор ретінде құттықтау сөзімен семинарды ашып, қазіргі басты міндетіміз – сапалы білім беруде мектептің талдауын да сапалы жүргізу екенін атап өтті.

Мектеп директорының орынбасарларының сүйемелдеуімен қатысушылар топтарға бөлініп, тапсырмалар орындады. Директордың оқу ісі жөніндегі және бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарлары әртүрлі ЖИ, цифрлық платформалар мен инновациялық технологияларды қолдана отырып, мектептің оқу-тәрбие жұмысына жан-жақты талдау жасап, өз пікірлерін ортаға салды.

Семинар мазмұнды әрі пайдалы өтті. Іс-шара соңында әр қатысушы өзіне құнды ақпарат алғанын, оны алдағы уақытта тәжірибеде қолданатынын айтып, рефлексия барысында өз ойларын ашық білдірді. Орталық әдіскерлері семинар қорытындысында жоғары баға берді.

Семинарға 100-ден астам мектеп директорының орынбасары қатысып, Bilim TV телеарнасына сұхбат берді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *