2024 жылдың 23 қаңтар білім сапасы бойынша пәндердің берілуін, сынып оқушыларының пәндік білім-білік дағдыларын бақылау арқылы пән мұғалімдерінің рефлексиясын тыңдап, кері байланыс беру арқылы әдістемелік көмек беру мақсатында №40 мектеп-лицейіне Әдістемелік күн ұйымдастырылды.
Әдістемелік күн барысында әдіскерлер мен қалалық Педагогтер қауымдастығы қазақ тілі, ағылшын тілі, математика, география, геометрия, физика, биология пәндері бойынша 25 мұғалімнің сабақтарына кіріп, кері байланыс берді.