2023 жылғы 05 шілде күні Әдістемелік орталығы ұстаздар саябағында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстарын QUEST-технологиясы арқылы дамыту» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері балалармен жұмыста қолданылатын заманауи және жаңа инновациялық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді пайдалана отырып, «QUEST» -технологиясын мектеп жасына дейінгі баланың оқу-іс-әрекетінде қолданудағы тиімді әдістері», «Іздеген жетер мұратқа» шебер сыныптар және Ойнайық та, ойлайық», «Ғажайып сиқырлы сандық», «Лого-квест» ойын жаттығуларын көрсетті.
Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 60-тан астам педагогтері мен ата-аналар қатысты.