Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні аясында 2023 жылғы 7 сәуір күні «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» КММ-де «Мектепке дейінгі ұйымдарда аутизм спектрінің бұзылуы бар балалармен педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты — АСБ бар балалармен жұмыс жасайтын педагоктердің іс-тәжірибесін тарату.
Спикерлер семинар барысында келесі тақырыптарды қарастырды:
• Балабақшадағы АСБ бар балалар: мәселелер және оларды шешу жолдары;
• Мектепке дейінгі жастағы АСБ бар балалардың даму ерекшеліктері;
• АСБ бар балалармен топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру;
• Ойын – АСБ бар баланың сөйлеуін дамыту тәсілі;
• АСБ бар баланың қалаусыз мінез-құлқын қалай басқаруға болады?.
Семинар соңында кері байланыс жасалып, тыңдаушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Ізгі тілектерін білдіріп семинардан алған әсерлерімен бөлісті.