Мектепке дейінгі ұйымдар арасында жол жүру ережесі бойынша қалалық «Брейн-ринг» байқауы

2025 жылдың 24-25 сәуір күндері Астана қаласының Білім басқармасы және Астана қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қолдауымен, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы МКҚК ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдар арасында жол жүру ережесі бойынша қалалық «Брейн-ринг» байқауы өтті.

Байқау:

— «Армысың, балақай!» топты таныстыру;

— «Сен білесің бе?» — жол жүру ережесі, жол белгілері тақырыбына байланысты капитандарға арналған сұрақ-жауап викторинасы

— «Жолда жүру ережесін сақтаймыз», «Бағдаршам», «Қауіпсіздік аралы» тақырыбындағы сюжетті-рөлді ойын кезеңдері бойынша мектепалды топ балаларының қатысуымен өтті.

Байқауға 145 команда өтінім беріп, жалпы саны 725 тәрбиеленуші, 300-ден аса педагог қамтылды.

Байқау соңында жеңімпаз балабақшалар Бас жүлде, I, II, III дәрежелі дипломдармен, педагогтер мен тәрбиеленушілер сертификаттармен марапатталды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *