2023 жылдың 31 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» басшылығымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтер қауымдастығының қорытынды отырысы өтті.
Аталған іс-шарада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтер қауымдастығының 2022-2023 оқу жылында атқарған жұмыстары қорытындыланып, өткізілген іс-шаралар бойынша есептер тыңдалынды.
Отырыс барысында Қауымдастық мүшелерімен мектепке дейінгі білім беру педагогтері үшін маңызды іс-шаралар, педагогтердің озық жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату, бірыңғай жұмыс алгоритмін құру қажеттілігі, аттестаттау критерийлері, педагогтердің біліктілігін арттыру курстары мен кәсіби байқаулар мәселелері қаралып, талқыланды.
Отырыс нәтижесінде айтылған мәселелер мен іс-шаралар тізімі
2023-2024 оқу жылында жүзеге асыру ұсынылды.