2025 жылғы 12 қаңтар Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы мамандарына «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ойын терапиясының маңызы мен әдістері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Іс-шара барысында «Ерекше балаларды әлеуметтендіруде ойын терапиясының рөлі», «Мектеп жасына дейінгі балалардың дұрыс сөйлеуін дамыту құралы ретінде логопедиялық ойындарды қолдану», «Ерекше балаларға арналған ойын терапиясының заманауи әдістері» тақырыптары қарастырылды. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы дамытып, зейіндерін қалыптастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, іскерлік ойындар мен шебер-сыныптар арқылы мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. Арнайы мамандарға өткізілген оқыту семинары өте қызықты, әрі пайдалы болды. Іс-шара соңында, арнайы мамандар кері байланыста болып ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 50-ге жуық арнайы мамандары қатысты.